Көкшетауда Отбасы күніне орай «Отбасы аллеясы» ашылды
Көкшетауда Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы аллеясы» ашылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар «Әкелер Одағының» отырысы өтті. «Отбасы ағашы» акциясына көпбалалы шаңырақ иелері мен үлкен әулет өкілдері және жас отбасылар қатысып, қарағай ағашының көшеттерін отырғызды. Олардың қатарында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының былтырғы жеңімпаздары Хамзиндер де бар. Ғалымжан Әбілқайырұлы жұбайы Гауһар Орынғалиқызымен 49 жыл отасып, 4 бала өсіріп, 8 немере сүйіп отырған бақытты отбасының отағасы. 50 жыл орман шаруашылығында еңбек еткен жан ағаш отырғызудың экологиялық маңызымен қатар өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі мол екенін айтады.
Ғалымжан Хамзин, Бурабай ауданының тұрғыны:
Бүгін қарағай шыршасын отырғызып жатырмыз. Қарағай негізінде 100-150 жыл бойы өседі. Сондықтан, мысалы, біздің немерелеріміз неменелеріміз айтып жүретіндей жағдай болады. Ал негізі отбасы құндылығы бір-бірін сыйлауда. Біздің ата-бабамыз айтып кеткен, қарым-қатынас жасаңдар, біріңді-бірің түсініп жүріңдер деп.
Осы күні «Amanat» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Әкелер
одағының» отырысы өтті. 2019 жылы құрылған одақтың бүгінде Ақмола облысы
бойынша 20 филиалы бар. Одақ құрамындағы әкелер отбасы институтын нығайтып,
отбасылық құндылықтарды насихаттауға және бала тәрбиесіне өз үлестерін қосып келеді.
Ерлан Закирьянов, облыстық «Әкелер одағы» қоғамдық ұйымының төрағасы:
Өзіміздің ереже бойынша, дене шынықтыру болсын, білім болсын, басқа салалаларда, рухани тұрғыдан, үлкен кісілерді сыйлау сияқты өзіміздің салт-дәстүрімізді әрі қарай жалғастыру үшін соған әкелер атсалысып, жұмыс істеп жатыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09