Роза Бағланова атындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Ән додасына 137 үміткер қатысуға өтініш беріп, финалға 20 өнерпаз іріктелді. Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан да өнерлі жастар қатысты. Ән сайысына көрнекті өнер майталмандары қазылық етті. Бас жүлдеге 1 жарым миллион теңге, екінші орын иегеріне 1 миллион, үшінші орынға 350 мың теңге табысталды. Одан бөлек, номинация иегерлеріне Роза Бағланованың отбасының атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Медет Орынбаев, Р.Бағланова атындағы байқауды басты жеңімпазы:
Мұнда талантты қатысушылар көп. Қарсыластарымның бәрі шебер өнер көрсетті. Сол 135 мықты үміткердің ішінен тек 20 қатысушы іріктелді. Мен олармен бір сахнада ән айтқаныма, осындай мүмкіндік алғаныма қуаныштымын.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28