Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
Көктем келіп, күн жылынған шақта Алматы облысы Қарасай ауданында тазалық жұмыстары қарқын алды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұл жолы Қаскелең өзенінің аумағы қоқыстан тазартылды. «Таза өлке - жарқын болашақтың кепілі» атты шарға әкімдік өкілдері, діни бірлестік қызметкерлері, еріктілер мен жастар қатысты. Сенбілікте өзен жағасындағы қураған шөптер мен тұрмыстық қалдықтар жиналып, аумақ абаттандырылды. Әр бейсенбі және сенбі күндері өтетін тазалық акциясының арқасында жыл басынан бері бас-аяғы 17 тонна қоқыс шығарылған. Ал Қаскелең өзеніне қоқыс жинайтын арнайы бөгет қойылды.
Асқар Мұқашев, Қаскелең қаласының әкімі:
Мына Қаскелең өзені Қапшағайға жеткенше бірнеше елді мекеннен өтеді. Соның Қаскелеңнің шыға берісінде біз өзімізден шыққан, сумен аққан қоқысты, пластиктердің бәрін тазалап жатырмыз. Өзіміз жинап, полигонға тапсырып жатырмыз. Судың бетінде тұрады, астында тор болады. Балық өте береді, оған шектеу жоқ. Бірақ қоқыс тоқталады.
Өмірәлі Нұрымов, экобелсенді:
Әрқашан осылай қалмауға, қатысуға тырысамыз. Әр адам өзінің туып-өскен жерін аялай білуі керек, қадірлей білуі керек, таза ұстауы керек. Қазақстан - біздің өзіміздің үйіміз. Мұндай іс-шаралардан қалмауға тырысымын.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28