Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
Республикалық ардагерлер кеңесінің алдағы бес жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Астанада өткен ұйымның XI съезіне елдің барлық өңірінен 120-ға жуық делегат қатысты. Жиында қарттардың қоғаммен бірге дамып, елдік мәселелерге белсенді араласуына жағдай жасау мәселесі кеңінен талқыланды. Ардагерлер ұйымы өкілдерінің айтуынша, бұл басқосу елдегі ауқымды саяси реформалардың жүзеге асу кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан ұйым жұмысының жаңа бағытын айқындау – уақыт талабы. Сондай-ақ ардагерлер белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының маңызын ерекше атап өтті. Мұндай бастамалар арқылы аға буын тек өздерінің әлеуетін дамытып қана қоймай, кейінгі ұрпаққа да үлгі бола алады.
Ермек Келемсейіт Жетісу, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Ардагерлердің алдында тұрған бірнеше міндеттер бар. Ұйымның алдында тұрған. Соның енді негізгі екеуін атасам біріншісі осы ардагерлер ұйымының өзінің мүшелердің тыныс-тіршілігі, өмірі, болашағы, қоғамдағы орны. Оларды қоғамның құрамына тартып, оларды жұмыс істету. Әркімнің өзінің хоббиі бар. Келген уақытта сол өзінің хоббиіне қарай құрылған бағыттар бар. Сол бағыттар бойынша тізімделеді де ары қарай жұмыс жүргізіледі.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07