Құтқарушылар тауда жарақат алған туристерге көмек көрсетті
Үлкен Алматы көлі маңындағы тауда жарақат алған Қытай азаматы құтқарылды.
36 жастағы турист 2500 метр биікке көтерілген кезде тізесін
жарақаттап, өздігінен түсе алмай қалған. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай қызметінің
мамандары мен медицинасы орталығының бригадасы оған алғашқы көмек көрсетіп,
таудан аман-есен түсірді.
Осыған ұқсас жағдай Бурабай ауданында да болған.
28 жастағы қыз айналаны биіктен тамашалау үшін жоғары көтеріліп, аяғын жарақаттап
алған. Өздігінен қозғала алмағандықтан,112 қызметінен көмек сұраған. Құтқарушылар
оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, қауіпсіз жерге жеткізді.
Сондай-ақ Шымбұлақтағы Комби-2 аумағында тізесін жарақаттап алған жас жігітке
де көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындар мен туристерге
таулы аймақтарға шығар алдында физикалық дайындығын ескеріп, қауіпсіздік
талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02