Қазақстан жетістіктері Татарстанда таныстырылды
Қазақстандық делегация «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2026» XVII халықаралық экономикалық форумына қатысты. Онда еліміздің түрлі саладағы жетістіктері таныстырылып, әріптестікті бекіту жолдары талқыланды. Форум аясында Қазақстанның Ресей өңірлерімен және ислам әлемі елдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық әрі өңіраралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған екіжақты кездесулер өтті. «Жасанды интеллект – құрылыс саласындағы жаңа тиімділік» пленарлық сессиясында да Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктері айтылды. Еліміз бұл салада ТМД елдерінің ішінде оқ бойы озық. Халықаралық форум аясында Қазақстанның мәдениетін айшықтайтын көрме ұйымдастырылды.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және
интеграция министрі:
Өңірлік хаб ретінде цифрландыру мәселелері. Енді мұны түсіну керек, біз екі суперкомпьютер салудамыз. Ол үлкен мүмкіншілік береді. Тек қана транспорт, логистика емес, ол үлкен экожүйені құруға мүмкіндік береді. Халал индустрияда осындай экожүйе құрып жатырмыз.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09