Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
Атырауда бір отбасының 4 адамын өлтірді деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевке Қылмыстық кодекстің 13 бабы бойынша айып тағылды. Бүгін алғашқы сот отырысы өтті. Тергеу мәліметінше, айыпталушы өткен жылдың 14 мамырында балдызы Наурызды өлтірген. Кейін Жангелдин ауылына барып, жұбайының туыстарымен жанжалдасып, ас үй пышағымен енесін, кейін қайын атасын пышақтаған. Олар сол жерде көз жұмған. Прокурорлардың сөзінше, күдікті мұнымен тоқтамай қайын апасын таксимен Атырауға алып барып, «Мұнайшы» ықшамауданындағы жалдамалы үйінде өлтірген. Қылмыстың ізін жасыру үшін денесін аулаға көмген. Сондай-ақ қаза тапқандардың малын сатып, несие рәсімдеген. Келесі сот отырысы 28 мамырға белгіленді. Ол кезде куәлардан жауап алынады.
Мирас Бауыржанов, мемлекеттік айыптаушы:
Сұлтан Сәрсемалиев қандай да бір психикалық бұзылумен ауырмаған. Өз іс-әрекетінің нақты сипатымен қоғамдық қауіптілігін толықтай көлемде түсініп, оларды басқара алады. Сарсемалиев Сұлтан іс-әрекетін саралау кезінде психикалық бұзылу жағдайында болған жоқ. Сот тергеу процесіне қатыса алады. Еріксіз медициналық шара қолдануға мұқтаж емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы