Үкіметте авиация саласын дамыту мәселесі қаралып жатыр
Елімізде авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қашан да өзекті. Бүгін осы бағыттағы мәселелер Үкімет отырысында қаралады. Жиында әуе тасымалының қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық сервистерді дамыту жайы талқыланбақ.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Үкімет үйіндегі авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелеріне арналған отырыс жаңа ғана басталды. Күн тәртібінде әуе қатынасының сапасын арттыру, жаңа бағыттарды ашу, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және жолаушыларға арналған цифрлық қызметтерді жетілдіру мәселелері бар. Сондай-ақ саладағы қауіпсіздік стандарттарын күшейту мәселесі де назардан тыс қалмайды. Президент елімізді Еуразиядағы ірі транзиттік хабқа айналдыру мақсатын қойғаны белгілі. Оған автомобиль, теміржол, су арқылы тасымалдаумен қатар әуе қатынастары да кіретіні анық. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әуе арқылы жүк тасымалындағы ұшақтарға қойылатын стандарттарды қайта қарау қажеттігін де айтқан еді. Сондықтан бүгінгі жиында жүк авиациясының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы нақты ұсыныстар көтерілуі мүмкін. Отырыс барысында жауапты министрлік алдағы жоспарлар мен нақты көрсеткіштерді таныстырады. Оны алдағы шығарылымдарда толықтырамын.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07