Ойын-сауық бизнесімен заңсыз айналысқан 90 нысан анықталған
Былтыр елімізде ойын сауық бизнесімен заңсыз айналысқан 90-нан астам нысан анықталған. Миллиардтап емес, триллиондап қаржы айналдырған мекемелер жабылды. Ал Дүиежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны дерт деп танып, оған арнайы код бекітті. Енді емдеу мекемелері нақты арыз түскен адамды мәжбүрлеп емдеуге құқылы.
Соңғы үш жылда Павлодар облысында құмар ойынды насихаттаған 750 сайттың жұмысы
бұғатталды. Ал, елімізде былтырдан бері заңсыз ойын-сауық бизнесін жүргізіп
келген 95 нысан анықталған. Жалпы айналымы 1,5 трлн теңге болатын
онлайн-казинолардың қызметі тоқтатылды. Бірақ лудоманияның лаңы бәсендер емес. Себебі бәс тігіп,
ойынға еліріп жүргендерді ешкім есепке алып отырған жоқ.
Жоламан Қиналбеков, Экономикалық
тергеп-тексеру департаменті 1-ші жедел басқарма басшысы:
Нақты ондай есеп жоқ. Мысалы, алкоголизм мен нашақорлықтар тіркелетін болса, лудомандарды анықтау өте қиын. Алкоголизм мен наркоманияны дәрінің күшімен емдейтін болсақ, бұл лудомандарды психологиялық дерт санатына жатқызады. Сондықтан мұндай ауруларды тіркеу жоқ.
F63 жеке коды. Бұл құмар ойындарына тәуелді адамдарды
ауру деп тануға арналған классификатор. 32 жастағы Александр колледжде оқып жүріп
спорттық ойынға бәс тіккен. Бірде
3 млн теңге ұтқан соң тіптен
құнығып, тоқтай алмай қалған. Ақыры өзіне қол салып, құмар ойынның құрығынан
құтылмақ болыпты. Үш жылдан бері оңалту орталығында емделіп жүр.
Александр, лудоман:
Өзіме ең жақын туыс адамдардың сенімінен айырылу мен үшін ауыр болды. Бұндайды ешкімге тілемеймін. Егер материалдық тұрғыдан есептесек, екі көліктен, пәтерімнен, отбасымнан, достарымнан және жақсы жұмыстан айырылдым.
Александрдың айтуынша, лудомания ақшасы бар адамдардың ауруы. Түбі кедей қылады,
кем қылады. Ал емделіп ес жию өте
қиын. Ресми статистика бойынша былтыр
елімізде тек 9 науқас осы дертпен диспансерлік есепке алынған. Шын мәнінде
шырмалғандар әлдеқайда көп.
Станислав Коваленко, Оңалту орталығының
жетекшісі:
Ойынқұмар өзі қазған шұңқырына өзі көміле береді. Бірақ ол менікі қате деп ешқашан ойламайды. Өзін басқалардан биік ұстайды. Бүгін болмаса ертең ұтамын деген елеске шырмалады.
Бұл шырмауықты шауып тастауға психологтар дәрменсіз әзірге. Себебі, ойынға құмарлар
да, оны ұйымдастырушылар да айыл жияр емес, жыл сайын көбейіп барады. Республика бойынша былтыр 17400 сайт бұғатталып, 107 адамға 30
млн.теңгеден астам айыппұл салынған.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03