Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
Алматыда Бітімгершілік күштерінің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды.
Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, әскери қызметшілердің жақындары қатысты. Министрліктің мәліметінше, бүгін аттанған 139 әскери қызметкер екінші контингентті ауыстырады. Сарбаздар бітімгершілік миссиясына кезең-кезеңімен іріктелген. Жауынгердің кәсіби шеберлігі мен физикалық, психологиялық дайындығын назарға алынған. Содан соң, ағылшын тілінің деңгейіне басымдық берілген. Басын қатерге, кеудесін оққа тосқан жауынгерлер тосқауыл бекеттерін күзетіп, өңірдегі бейбітшілікті сақтауға ат салысады.
Ришат Садықов, №1 бітімгерлік взводының командирі:
Біздің ол жақтағы басты тапсырмамыз екі ел арасындағы бөлінуді бақылау болып табылады. Ол тапсырманы біз күнделікті патруль қызметтері инженерлік қамтамасыз ету және де гуманитарлық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырамыз. Біз 1 жылдан кейін елімізге аман-есен оралуға міндеттіміз.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28