«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды. Үш күнге созылатын іс-шараға еліміздің 20 өңірінен өнер саласының 600 өкілі қатысады. Жиын саланы жаңғырту, оны заманауи технологиялармен ұштастырып, креативті индустрияны дамыту үшін ұйымдастырылды. Мәдени кеңістікті цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу мәселелері кеңінен талқыланбақ. Бағдарлама аясында кәсіби білім беруге арналған интенсивті курстар және халықаралық сарапшылармен кездесулер жоспарланып отыр. Бүгіннен бастап кітапхана, архив, театр және концерттік ұйымдар бағытын жандандыру, іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету бағытында түрлі панельдік сессиялар ұйымдастырылып жатыр. Жалпы форум мәдениет саласының мамандарына тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларды талқылауға, бірлескен жобалар әзірлеуге мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң болмақ.
Цифрлық инновация бүгінде жасанды интеллект дәуірі келе жатқан кезде біз мәдениет саласының қызметкерлері сол тиімді пайдалануды, оны өзінің бір жаңа деңгейінде, біздің барлық мәдени болмыстарымызды айқындауды, яғни өзіміздің құндылықтарымызды кеңінен насихаттау керек. Себебі, насихаттауды үйренуіміз керек. Соны кеңінен дәріптей білуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы