Мәдениет мамандары ЖИ білімін жетілдіруде
Елордада екінші күн өтіп жатқан «Мәдениет және инновация» республикалық форумында мәдениет және өнер саласының қызметкерлері жасанды интелектіні тиімді қолданудың дағдыларын меңгеріп жатыр. Бүгінде сала мамандары уақыт көшінен қалмай, музыка, аранжировка, режиссерлық жұмыс бағыттарында ақылды технология мүмкіндірін көмекші құрал ретінде пайдаланып жүр. Спикерлер заманауи цифрлық платформалармен жұмыс істеу тетіктерін үйретіп, инновациялық мүмкіндіктерді дұрыс қолданудың жолдарымен бөлісті. Форум аясында сала мамандары цифрлық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, бірегей жобаларын сарапшыларға таныстырмақ. Іс-шара соңында өңірлерде іске асатын үздік жұмыстар анықталады. Еліміздің әр өңірінен келген мәденит саласының мамандары жасанды интеллект бағытында білімдерін әрі қарай да шыңдаудан ниетті.
Аранжировка бағытында, жақсы әндер жазу, тағы басқа тексттер, тағы басқа ойлар іздеу үшін, уақыт ұтымды болуы үшін, кеңірек ойланып үлгеру үшін қолданамыз. Кейбір жауаптар, айтқан идеялар көңілге қонбайды, сондықтан біз оны толықтырамыз. Аранжировка жасағанда да, әндерді өңдегенде де. Біз оны студияға апарып ары қарай жетілдіреміз.
Әртүрі курстар бар, ЖИ бойынша, мысалы әріптестеріміз кәсіби және өнер кәсіби жағынан ЖИ қалай қолдануға болады деген тақырыпқа курстарды сұрап жатыр. Сұраныс бар. Біз міндетті түрде дайынбыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы