Ақмола облысында 2 мыңнан астам киік өлексесі табылды
Ақбөкендердің қырылуы әсіресе Атбасар, Жақсы және Егіндікөл аудандарында тіркелді. Бүгінде аталған аудандарға барған жауапты орган өкілдері тексеру жұмыстарына кірісті. Олар аймақтарды зерттеп, өлекселерді жинап, өртеп жатыр. Ал ветеринарлық қызмет мамандары киік өлексесінен сынама алып, аса қауіпті деген 8 түрлі инфекциялық ауруға тексерген. Алдын ала мәлімет бойынша киіктердің қырылуы жұқпалы ауруға байланысты емес. Бұл жыл сайын қайталанатын табиғи жағдай,-дейді мамандар. Мәселен, былтыр шамамен 12 мыңға жуық киік қырылған.
Дінәлі Айтқожин, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
Жалпы киіктердің табиғи өлім-жітімінің жылдық деңгейі олардың жалпы санының 15-20 пайызын құрауы мүмкін. Биылғы мониторинг бойынша Ақмола облысының аумағында шамамен 114 мыңнан астам киік тіркелді. Олардың көші-қоны мен төлдеуі әлі аяқталған жоқ. Сондықтан бұл сан өзгеруі мүмкін. Қауіпсіздік мақсатында өлекселерден сынама алынды, оның нәтижесі бойынша жұқпалы ауру жоққа шығарылды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05