Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
Түркістан облысында жыл басынан бері 568 адамды кене шағып, қырым қанды безгегін жұқтырған 2 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал өткен жылы кенеден келетін кеселге 7 адам шалдыққан еді. Өңірде жұқпалы аурудың табиғи ошағы бірнеше ауданда бар. Қазір бюджеттен 553 млн теңге бөлініп, жаппай қора-жайлар мен жайылымдар залалсыздандырылып жатыр. Оған 1,5 мыңға жуық ветеринар жұмылдырылған. Бұдан бөлек 154 елдімекенде жаңадан мал тоғыту орыны салынып жатыр. Мамандар кене шағу табиғат аясына шыққандар мен мал қораларда жұмыс істейтіндер арасында жиі кездесетінін айтады.
Ербұлан Жәнібеков, Түркістан облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Қора-жайларда малшылар да көп жағдайда тіркеледі. Малшылар өз-өзіне қатты көңіл бөлмейді. Ашық-шашық киінеді. Сол кезде кене шағып, соның әсерінен күдікті жағдайлар тіркеліп жатады. Сондықтан біз сақтық шараларын күшейтіп, алдын алу мақсатында оның барлығын үй іргелік қора-жайлар және сыртқы қора-жайларды өңдеп жатырмыз. Дезинсекциялық жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32