Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
Маңғыстауда ірі мұнай өндіруші компания экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл төледі. Заңбұзушылықтар «Buzachi Operating Ltd» компаниясының Солтүстік Бозашы кен орнындағы қызметін тексеру барысында анықталған. Компания қауіпті бұрғылау қалдықтарын жинақтаудың рұқсат етілген шегін шамадан тыс асырып жіберген. Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушыға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Айта кетейік, Солтүстік Бозащы кен орнын қытайлық CNPC және Sinopec корпорациялары игеріп жатыр. Екі компанияның жобадағы үлесі 50 пайыздан.
Жеңісбек Айтжанов, Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары:
«Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақталған лимиттен 513 тоннаға арттырған. Нәтижесінде аталған компания әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328 бабының 6-бөлігімен 474 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет пайдасына толық өндірілді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17