Шыңғыс хан туралы америкалық бестселлер қазақша шықты
Шыңғыс хан туралы америкалық бестселлер алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді. Астанада өткен тарихи кітаптың таныстырылымына туынды авторы, тарихшы әрі антрополог Джек Уэзерфордтың өзі қатысты. Америкалық зерттеушіні көшпелі халықтың тұрмыс-салты, дәстүрі бұрыннан қызықтырады. Ол Шыңғыс Хан туралы кітап жазуды бала күннен армандаған. Бүгінде тарихи басылым әлемнің 50-ден аса тіліне аударылып, миллиондаған тиражбен сатылды. Аудармашылар кітап беттеріндегі құнды дүниелер оқырманға жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылғанын айтады. Оны қазақ тіліне аударуға 1 жылдай уақыт кеткен. Тарихи туынды шілде айында толық тиражбен басылып шығады. Кеште сондай-ақ шетелдік тарихшы Джу-Юп Лидің «Түркі халықтары әлем тарихында» атты кітабы да таныстырылды.
Джек Уэзерфорд, «Шыңғыс хан және қазіргі әлемнің қалыптасуы» кітабының авторы:
Осы кітапты бастамас бұрын 2 жылдай іздендім, туындыны жазып бітіруге 4 жылдай уақыт кетті. Қазір зейнетке шықсам да, зерттеуді тоқтатқан емеспін. Қазақстан мен Моңғолия мен үшін жаныма жақын елдер. Тұрғындар әлі күнге дейін бұрынғы салт-дәстүрді берік ұстанады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17