Алатау қаласына ₸2 трлн маңайында инвестиция тартылады
Болашақтың қаласы Алатау ситиге 2 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады. Бұл туралы жаңа шаһардың әкімі Әркен Хамитұлы Үкімет үйінде өткен брифингте айтты. 50 жоба жүзеге асырылып, 51 мың жұмыс орны ашылмақ. Серіктестердің қатарында Дубай, Сингапурдегі ғимараттарды салған алпауыт компаниялар бар. Зәулім құрылыстың бірі – 56 қабатты Айконик тауэрс. Инвесторлар оған 1 млрд доллардан астам қаржы құйған. Ғимарат құрылысы күзде басталады. Айконик тауэрспен қатар, қалада бірінші кезекте бес жұлдызды қонақ үйлер мен сауда орындары бой көтереді. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, осылайша инвесторларға қолайлы жағдай жасалмақ. Ал бұл туристерді қызықтыратын ғимараттардың көбірек салынуына сеп болуы тиіс.
Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары:
Инвесторларға комфорттық жағдай жасау. Бұл ең басты принцип. Қарапайым халыққа жағдай жасау, әл-ауқатын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу. Осындай тетіктермен дамитын болады. Халықаралық университеттер келейін деп жатыр. Каэс келеді. КАЭС Оңстүстік Азиядағы бүкіл техникалық мамандар сол жақта оқиды.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бірер айдың ішінде қаланың бас жоспары сайттарға
жүктеледі. Одан қандай ғимарат салынып жатқанын, әр құрылыс материалына қанша
қаржы кетіп жатқанын кез келген тұрғын ашып қарай алады. Яғни ымараластық,
жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс. Бұдан бөлек, сейсмикалық қауіпсіздік жағы да
ескерілген. Құрылыс кезінде халықаралық талаптар сақталуы қадағаланады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03