Иттің еті: Министрлік мәлімдеме жасады
Ауыл шаруашылығы министрлігі Астанадағы мейрамханаларға ит еті жеткізілгені туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Үкімет үйінде өткен брифингте Вице-министр Азат Сұлтановтың ведомство жеуге рұқсат етілген өнімдерді ғана тексеретінін айтты. Мәселен сиыр, жылқы етіне тұрақты түрде тексеріс жүргізіледі. Ал ит еті бұл тізімге кірмейді. Оның мейрамханаларда бар-жоғын санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер тексеруі тиіс.
Азат Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құзіретінде. Мейрамханаларды олар тексеру керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі нарыққа келген еттерді ғана тексереді. Бұл тараптан ешқандай мәселе жоқ қазір.
Қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты «Астана Ветсервис» де жауап берді.
Айтуларынша, жағдай 2023 жылы болған. Полиция ит етінің саудаланып жатқанын
анықтаған, кейін сот кінәлілерді жазаға тартқан. Қазір мейрамханаларда ит
етінен жасалған өнімдер жоқ. Мұны ветиринарлық қызмет қатаң бақылауды ұстап
отыр.
Еске салсақ, бұған дейін желіде қаладағы қоғамдық тамақтану орындарына бірнеше
жыл бұрын 750 келі ит еті жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. Белсенділер
мейрамханалардың атауын айтпады, бірақ сатып алу фактісі болғанын жеткізді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28