Ақтауда теңіз академиясы ашылды
Ақтауда заманауи теңіз академиясы ашылды. Оқу кешені халықаралық стандартқа сай, озық үлгідегі тренажерлермен жабдықталған. Мемлекет басшысының ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте берген тапсырмасы аясында жүзеге асқан жоба - еліміздегі теңіз саласына қажетті кадр даярлау ісін жаңа деңгейге көтермек. Академияда кеме жүргізу, теңіз техникасы мен технологиялары, су көлігін жасау бағыттары бойынша мамандар оқытылады. Ақтау – еліміздің стратегиялық теңіз қақпасы. Бүгінде Маңғыстау облысында кеме қатынасы бойынша 30-дан астам компания жұмыс істейді. Сондықтан салаға білікті маманға сұраныс артып келеді.
Нұрдәулет Мейрамбекұлы, студент:
Кез-келген тренажерда біз емін-еркін жаттығу жасай аламыз және сол арқылы нағыз кемеге дайын болып барамыз. Әзербайжан мемлекетінде, Баку қаласында теңіз саласы бойынша 2 ай оқуға мүмкіншілік бар. Яғни біздің бір уақытта 2 университеттің дипломын алып шығуға мүмкіндігіміз бар.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27