Жеке клиникада көз жұмған әйелдің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда жеке клиникада операция кезінде көз жұмған кәсіпкер Сәуле Базарханның қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Қайғылы оқиғадан соң Денсаулық сақтау министрлігі де істі бақылауға алды. Министрлік профильдік мамандар мен аумақтық департаменттерді тарта отырып, медициналық ұйымның лицензиясы бар-жоғын тексереді. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің стандарттарға сәйкестігі, медицина қызметкерлерінің біліктілігі бақылауға алынады. Еске салайық, 15 мамыр күні 53 жастағы алматылық тұрғын Сәуле Базархан пластикалық хирургия клиникасында қайтыс болды. Қазір мекеме жұмысын тоқтатты.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28