Ыстанбұлда этноспорт фестивалі басталды
Ыстанбұл қаласында халықаралық этноспорт фестивалі басталды. Осымен сегізінші рет жалауы желбіреген фестивальге әлемнің 25 елінен бір мыңнан аса спортшы мен өнерпаз жиналған. Ұлттық спорт ойындарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстаннан спортшылар да қатысып жатыр. Биылғы сайысқа аударыспақ пен теңге ілу спортының өкілдері келді. Бүркітшілер мен құмай тазы баптаған саятшылар да осында. Бұдан бөлек шараға бірқатар Қазақстан өнерпаздары да қатысады. Төрт күнге жалғасатын фестивальдің жабылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетпек. Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған фестивальге жыл сайын әлемнің көптеген елінен миллионға жуық көрермен жиналады.
Сырым Ізбасаров, аударыспақ спортының өкілі:
Қазақтың ұлттық спорты аударыспақты осы жерде көрсетіп жатқанымызға биыл 4 жыл. Алғаш келіп жатқан жоқпыз. Үшінші рет келіп жатырмын. Теңге ілуден келіп жатыр екі спортшы. Қазақ елінен біраз адам келді. Киіз үй тігіп, бүркіт, ит ұстайтындар келді. Қазақ елінің спортын осы жерде көрсетіп жатқан жайымыз бар.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17