Оралда «ЖайықTazaRiver» іс-шарасы ұйымдастырылды
Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЖайықTazaRiver» іс-шарасы ұйымдастырылды. Жастар Жайық өзені бойымен жүзіп өтіп, жағалауды қоқыстан тазартты.
Ағаш отырғызып, орман қорын молайтуға үлес қосты. Осылайша тазалық акциясы
экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара аясында өңірдің
белсенді әрі танымал жастары пікір алмасты. Экологиялық бастамалар, волонтерлік
қызметті дамыту жайлы ойларын ортаға салды. Жыл басынан бері өңірде «Өзіңнен
баста» челленджі қолға алынды. Оған жастар да белсене қатысып келеді. Бұдан
былай табиғат жанашырларының басын қосқан «ЖайықTazaRiver» акциясы жыл бойы
тұрақты өтіп тұрмақ.
Қабдол Тілеков, Орал тұрғыны:
Әр адам өзінің туған жерінде өз қаласын таза ұстауға міндетті деп ойлаймын. Мен де оралдық болғаннан кейін және Орал жасыл қала болғаннан кейін оны таза ұстауға тырысып келемін. Әрі өзіміз орманды қолдан өсіріп, көшет отырғызсақ, керемет емес пе?!
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28