«Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері анықталды
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері марапатталды. Пилоттық жобаға 66 мың адам қатысып, 500 мыңнан астам кітап оқылды. Алты бағыт бойынша өрбіген білім сайысында мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметшілерге дейін бақ сынады.
15 мыңнан астам отбасы бақ сынаған «Кітап оқитын әулет» номинациясында Сыздықовтар әулеті топ жарды. Бір шаңырақ астында бірнеше буын кітап оқуды дәстүрге айналдырған. Олардың айтуынша, бұл әдет отбасындағы рухани байланысты нығайтып, ортақ құндылықтарды қалыптастырған.
Гүлмира Мырзалиева, жоба жеңімпазы:
Бұл менің хоббиім былайша айтқанда да. Өзім кітап оқығанға өте құмар болғандықтан отбасымды да осыған тартым. Еңбегіміз еш болмады. Оқыдық, талдадық, бірақ керемет дүниені алдық, рухани байыдық.
Былтыр күзде басталған пилоттық жобаға 66 мыңнан астам адам қатысып, әрқайсы орта есеппен 15 кітап оқыды. Жалпы оқылған кітап саны 500 мыңнан асты. Мектеп оқушылары мен студенттер, педагогтар мен мемлекеттік қызметкерлер рухани жаңаруға ден қойды.
Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі:
Біз Шымкентті тек дамыған мегаполис емес, руханияты биік, кітап оқу мәдениеті қалыптасқан интеллектуалды қала ретінде дамытуымыз қажет. Осы бастаманы қолдаған барша азаматтарға алғыс білдіремін.
Игілікті бастама қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдық сана мен рухани мәдениетті дамытуға жол ашты. Ауқымды жоба алдағы уақытта да жалғасын табады.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03