Басты Жаңалықтар Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды

Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды

Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист,  тарих ғылымдарының докторы, профессор Қырықбай Аллаберген атындағы медиазертхана ашылды. Игі бастама іргелі оқу орнының отыз жылдық мерейтойы аясында жүзеге асқан. Аудиторияның ашылу рәсіміне әріптестері, ғалымдар, ұстаздары мен шәкірттері және Қырықбай Аллабергеннің жұбайы қатысты. Факультет басшылығы бұл жоба қаламгердің журналистика саласына қосқан үлесін зерттеп-зерделеуге жол ашады- дейді.  Сонымен бірге мұнда жас журналистер подкаст түсіріп, заманауи медиа форматтарында жұмыс істей алады. Студияда жобалар әзірлеп, кәсіби дағдыларын шыңдауға да мүмкіндік бар.

Нұржан Қуантаев, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы:

Бұл зертхананың ашылуы жоспарда болатын. Оған демеушілер іздеп жүрген кезде осы демеушілер табылып Қырықбай Аллаберген атындағы медиазертхана ашылды. Медиазертхананың үлкен интерактивті тақтасы бар онлайн қолданылатын және екі видеокамера, суфлер, т.б. техникалық жабдықтар алынды.
Бөлісу