405 миллион теңге тұтынушыларға қайтарылды
Елімізде тұтынушылардан түсетін шағым саны артқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті биыл жыл басынан бері 22 мыңнан астам өтініш қараған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 пайызға көп. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек және электронды сауда саласына тиесілі. Үш айда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында 300-ден астам тексеру жүргізіліп, кәсіпкерлерге 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Нәтижесінде 405 миллион теңгеден астам қаржы тұтынушыларға қайтарылды. Оның ішінде автосалондар, онлайн курстар, жөндеу қызметтері мен байланыс саласына қатысты даулар бар.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27