Өңірде 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
Ақмола облысында 16 темір жол бекеті бастан аяқ жөнделіп,тоғызы осы жазда тапсырылады. Қалған жетеуінің жұмысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Олардың қатарында Щучинскідегі «Бурабай курорты» вокзалы бар.
Күніне 1500-ға жуық жолаушыға қызмет көрсететін Бурабай теміржол бекеті жөндеуден кейін жаңа кейіпке енді. Сыртқы қасбетінен бастап инженерлік желілеріне дейін толық жаңартылды.
Бөгенбай Жадырасинов, «Бурабай курорты» станциясы вокзалының басшысы:
Былтырдан бері істеліп жатқан жөндеу ол анау екеуінен гөрі едәуір заманауи сай, өте әдемі жасалып жатыр, жолаушыларға өте қолайлы. Мүмкіншілігі шектеулі кісілерге мынау залдан анау залға өту бұрын қиын болатын. Қазір қосымша көтеріп шығаратын. Мына жерде лифт жасады. Бірінші этаждан үшіншіге көтеріліп түсуіне мүмкіншіліктері қазір жақсы.
Өтелбай Бейсенов, Щучинск қаласының тұрғыны:
Вокзал дегеніңіз бұл - курортты аймақ қой. Сондықтан мұнда мыңдаған миллиондаған адам келеді, жыл бойы. Сонда келгенде біз ұялмайтындай қаламыз үшін, ауданымыз үшін, еліміз үшін ұялмайтын боламыз. Әдемі, сәнді, замануи,заманға сай. поездардың жүру кестесі электронды болады. Келіп, кнопкасын бассаңыз бәрі шығады. Бағасы, уақыты дегендей.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05