Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
Ел азаматтарының 1,8 млн әкімшілік айыппұлы кешіріледі. Бұл шамамен 36 млрд теңге.
Себебі кезекті рет рақымшылық жасалады. Парламент депутаттарының бастамасымен керек заңдар әзірленген. «Ізгілік принципі бойынша», деп хабарланды. Әрі қарай ресми түсіндірмені келтіреміз. Дәлірегі, Мәжіліс депутаты С. Имашеваның сөзі:
«Зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе келтірілген зиян толық өтелген жағдайда ауырлығы аз және орташа теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауаптылықтан босату ұсынылады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша зиян толық өтелсе, жаза мерзімдерін қысқарту көзделген».
Бұған қоса, айыппұл салынып жазаланған адамдар да жазадан босатылмақ. 2026 жылдың 17 наурызына дейін салынған айыппұлдар кешірілмек.
«Айыппұлдардың көбін полиция салады. Бұл 90 пайыз. Сондықтан рақымшылыққа жиынтығы 36 млрд теңге болатын 1,8 млн айыппұл ілінеді», дейді депутат Имашева. Оның ішінде жол ережесін бұзғандардың айыппұлдары да қарастырылған. Дәл соларға рақымшылық жасауға қарсы адамдар бар. Тіпті сөйлеген депутаттар да болған. Себебі біздің елімізде жол апатынан опат болатындар мен жарақат алатындар өте көп...
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27