Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
Аптада Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесіне орай марапаттаған. Мысалы, Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі «Барыс» ордені, Татьяна Бурмистроваға «Отан» ордені тағылды.
Татьяна Бурмистрова, «Ұлттық өнер» ЖШС директоры, «Отан» орденінің иегері:
Салып көздің қиығын,шіркін, қандай екенсің,Менің шығар биігім, – дегендей, міне, бүгін енді соны сезіп тұрмын. Кәдімгідей денем шымырлап. Енді менің ізімнен еріп келе жатқан дәстүрлі әншілер бар және де өнер иесінің барлығына осындай жақсы, қуанышты жағдайға бөленуге мен тілектеспін.
Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі:
1999 жылы мемлекеттік премияны алғаннан кейін мен атақ алмаған адаммын. Бүгінгі марапат мен үшін аяқ астынан болған, кеше ғана айтты. Ең биік марапат мен үшін — халықтың қошеметі. Халық әрқашан биік тұрады.
Президент дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды. Және төл өркениетіміздің осындай теңдессіз қазыналарын дәріптеп жүрген өнер адамдарына «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалатынын айтты.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27