Басты Жаңалықтар Трамп: Иранмен келіссөз конструктивті сипатқа ие

Трамп: Иранмен келіссөз конструктивті сипатқа ие

Иранмен келіссөз конструктивті сипатқа ие. Осылай деген АҚШ президенті Дональд Трамп, америкалық делегацияны Тегеранмен келісімге келуге асықпаған жөн деп отыр. Әлеуметтік желіде Трамп Иран ядролық қару немесе бомба жасай алмайтынын түсінуі тиіс деп жазды. Мұның алдында АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Марко Рубио Иранмен келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу бар, алайда бұл соңғысы емес деп хабарлаған еді. Ал америкалық басылымдар АҚШ пен Иран арасында ықтимал келісімнің мән-жайын жазып жатыр. Мысалы, Axios дерегіне сай, тараптар 60 күнге бітім жариялап, Ормұз бұғазында кеме қатынасын жаңғыртуға келісуі мүмкін. Бұған қоса, Ираннан санкцияларды алып тастауға, бұғатталған қаражатты ашу бойынша да келіссөз өтуі мүмкін. Бұл ретте Тегеранға жоғары байытылған уран қорынан бас тарту ұсынысы да жасалмақ.

Бөлісу