Қазақстан мен Ресей сауда айналымын $30 млрд-қа жеткізбек
Қазақстан мен Ресей өзара сауда-саттық айналымын 30 млрд долларға жеткізбек. Қазір, алыс-беріс көлемі 28 млрд долларға жуықтаған. Ресей бүгінге дейін Қазақстанға 29 млрд доллар инвестиция құйған. Бүгінде біздің елде көршіміздің капиталы бар 19 мың компания жұмыс істейді. Қазақстандық инвесторлар да Ресейдің түрлі салаларына 9 млрд долларға жуық қаражат бағыттаған. Жуырда ғана екі ел сыртқы істер министрліктері 2027–2028 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады. Бұл онсыз да берік байланысты бекемдей түсіре сөзссіз, дейді саясаттанушылар.
Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымын көтеру мақсаты бар. Дегенмен, назар аудара кететін жайт – бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымында Қазақстан тарапынан сауда дефициті бар. Өйткені Ресей көбірек тауар экспорттайды, ал Қазақстан көбірек импорттайды. Төлем балансы кері деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстан өз тауарын Ресей нарығына шығаруға мүдделі және осы сауда айналымын кеңейту, өсіру арқылы Қазақстан өзінің экспортын ұлғайтуды көздейді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28