Ақтөбеде мыс өнімдерін шығаратын зауыт салынады
Ақтөбеде мыс өнімдерін шығаратын ірі зауыт салынады. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асатын жобаның құны 100 млн АҚШ доллары. Бүгін кәсіпорынның қазығы қағылды. «Kazakh invest» Ұлттық компаниясының қолдауымен іске асып жатқан шараға қытайлық инвесторлар мен облыс басшылығы қатысты. Жаңа зауыт «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағынан бой көтереді. Тараптар құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауға уағдаласты. Яғни алғашқы өнімін келесі жылы шығара бастайды.
Чжан Ху, «Phoenix industrial group» компаниясының
өкілі:
Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Яғни кәсіпорын алдағы жылы толық іске қосылуы тиіс. Өндірісте қоршаған ортаны ластамау үшін заманауи сүзгілер орнатылады. Біз Қазақстанда осындай ірі жобаны жүзеге асырып жатқанымызға қуаныштымыз. Бұл екі жаққа да тиімді.
Кәсіпорын мыс
катанкасы мен кабельдік бұйымдар шығарады.
250 тұрақты жұмыс орны ашылады. Дайын өнім ішкі нарықтан бөлек
Еуразиялық одақ елдеріне және Еуропаға экспортталмақ. Өнім
көлемі болашақта 50 мың тоннаға дейін жетуі тиіс. Осылайша, Ақтөбе мыс
өнеркәсібінің өңірлік хабына айналады.
Сұлтанғали Кенжеқұлов, «Kazakh invest» ҰК»
АҚ басқарма төрағасы:
25 мың тоннадан 50 мың тоннаға дейін мыс өндіріледі. Жалпы, шығарылатын өнімнің көлемі доллармен алатын болса, 500 млн-ға дейін жетеді. Өте үлкен өндіріс. Мысты шикізат күйінде сатпай, оны терең өңдейміз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05