Алматы облысында фармацевтикалық зауыт салынады
Үкімет «Алатау» арнайы экономикалық аймағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жобасын мақұлдады. Жобаға 32,5 миллиард теңге жеке инвестиция тартылмақ. Кәсіпорын 2031 жылы іске қосылып, 2034 жылға қарай толық өндірістік қуатына өтеді деп жоспарланып отыр. Зауыт базасында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазақстандық мамандарды оқыту жүйесі де құрылады.
Тимур Мұратов,
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Жоба аясында шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылып, 20 түрлі дәрі-дәрмек шығару жоспарланып отыр. Оның ішінде онкологиялық және сирек кездесетін ауруларға арналған препораттар мен замамануи иммуно-биологиялық дәрілер бар. Дәрілік заттардың өндірісі GNP халықаралық стандарттарға сай болады және дәрілерді ел ішінде өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша аталған жобаны санағанда қазіргі таңда 8 ірі фармацевтикалық жоба іске асырылуда.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05
Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген 500-ге жуық азаматқа шара қолданылды
18.07.2026, 20:05
Сайлаудың ашық өтуі мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіреді
18.07.2026, 20:05
Бельгиялықтар асырап алған қазақ қызы туыстарымен қауышты
18.07.2026, 20:04