Абай облысында Жастар орталығының ғимараты ашылды
Абай облысы, Курчатов қаласында Жастар ресурстық орталығының ғимараты ашылды. Нысанның жалпы аумағы 1100 шаршы метрден асады. Жоба құны 475 миллион теңге. Заманауи технологиялармен жабдықталған, VR, AR және AI цифрлық зертханасы, медиастудия, подкаст алаңы жұмыс істейді. Open Space, коворкинг, арт-лаундж, тілдерді дамыту орталығы мен психологиялық жеңілдету бөлмесі де бар. Орталық жастардың білім алуына, өздерін жан-жақты дамытуына, шығармашылықпен айналысып, жаңа жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.
Айжан Мұсатаева, Жастар ресурстық
орталығының директоры:
Бұл орталыққа 14 жастан 35 жасқа дейінгілер келеді. Бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасалған. Тек үйірмелер ғана емес, Ұлттық ядролық орталық пен әскери бөлімдер осында сабақтар өткізуге келісіп отыр. Жастар орталығы балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28