Қарағандыда әлеуметтік азық-түліктің бағасын бақылай бастады
Қарағанды қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеріп, сауда және салық заңнамасын бұзған 21 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс жұмыстары өңірдегі ірі базарларда жүргізілді. Жауаптылардың айтуынша, жыл басынан бері 100-ге жуық тексеріс өтіп, 90 заңбұзушылық анықталған. Оларға екі жарым миллион теңге айыппұл салынды. Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі 19-дан, 31-ге дейін өсті. Соның нәтижесінде бұл тауарлардың инфляция деңгейі 1,3 пайыз болып отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда 4 есе аз. Бүгінде өңір бойынша 4 мыңнан аса бөлшек саудамен айналысатын сауда желілері мен дүкендері бар.
Абзал Рахымбаев, облыстық Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:
Заңнамада көрсетілген 15 пайыздық үстемені сақтау бұл әрбір сауда өкілінің, базардағы, үй маңындағы дүкендерде, әлеуметтік маңызы бар тауарды сататын кәсіпкерлер сақтауға міндетті. Жыл басынан бері 90 фактінің бізде 32, яғни көтерме сауда өкілдері бұзған заңбұзушылық.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03