Геоэкономикалық өзгерістер транзиттік мүмкіндік береді
Әлемдегі геоэкономикалық өзгерістер халықаралық көлік дәліздерінің маңызын арттырды. Осыған байланысты Қазақстан транзиттік бағыттарды әртараптандыруға басымдық беріп отыр. Қазір оңтүстік өңірде халықаралық жүк ағынын оңтайландыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып жатыр. Сарыағаш айналма жолы тәулігіне ондаған мың транзиттік көлікті халықаралық дәлізге тікелей шығаруға мүмкіндік береді. Ал Дарбаза – Мақтаарал шойынжолы Орталық Азия бағытындағы жүк тасымалын жандандырып, Сарыағаш станциясына түсетін салмақты азайтады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай бастамалар еліміздегі көлік-логистикалық жүйені күшейтіп, экономикалық байланысты кеңейтуге ықпал етеді.
Алтынай Тұрлыбекова, Ө.Жәнібеков атындағы
ОҚПУ оқытушысы, экономист:
Экономиканы әртараптандыруға мұның бәрі әсер етеді. Жаңа жұмыс орындары ашылады, жаңа өндіріс көздері ашылады. Көбінесе баратынымыз - Түркия, Дубай еді. Қазір Европаға жол ашылып, біз арқылы кетіп жатыр. Америкаға жаңа әуе бағыттары ашылады деді, оның барлығы глобализация деп айттық. Жолды да, дәлізді де ашады, өте үлкен даму әкеледі.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03