Су үнемдеуге арналған цифрлық платформа енгізілді
Суды үнемдеу тек ірі жобалар мен жаңа технологияларға байланысты емес. Күнделікті қарапайым әдеттердің өзі жылына мыңдаған литр су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта «Су ізі» платформасы әзірленді. Ол тұтынушылардың күнделікті қанша литр су пайдаланатынын анықтап, үнемдеу жолдарын ұсынады. Тұрғындар бар-жоғы 2 минут уақыт алатын 17 сұрақтан тұратын тестке жауап берсе болғаны. Астаналық оқушы ойлап тапқан жүйе әлі жетілдіріліп жатыр. Министрлік өкілінің айтуынша, мұндай цифрлық жоба су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға сеп болады.
Ермахан Полат, Су ресурстары және ирригация министрлігі ақпараттық талдау
орталығының жоба жетекшісі:
Қазіргі таңда сол платформаны өзіміздің сайтқа жүктеп жатырмыз. Алдағы уақытта біздің орталықтың жасаған зерттеу-талдау жұмыстарының нәтижесі арқылы көрсеткіштер негізінде біз осы платформаны толықтырып, әрбір азаматтың күнделікті тұрмыстық өмірде қанша су үнемдей алатынын көре аламыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02