Биыл жатақхана мәселесі толық шешілмек
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы жыл соңына дейін шешіледі. Қазір бұл мәселе тек Алматы қаласында ғана бар. Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, мегаполисте 5 мыңнан астам төсек-орын жетіспейді. Саясат Нұрбек проблема кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын және биыл қалада 20-ға жуық жатақхана пайдалануға берілетінін жеткізді. Қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ инвесторларды тарту арқылы жүргізілгенін атап өтті.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Субсидиялау тетігі өзінің нәтижесін беріп жатыр. Соңғы бес жылда осы механизмді пайдаланған жеке инвесторлардың көмегімен шамамен 60 мың орын мәселесін шештік. Биыл жатақханаға қатысты талаптар қайта қаралды. Қазір министрлік жоғары оқу орындарынан студенттердің кемінде 80 пайызын орынмен қамтамасыз етуге міндетті. Қазір келесі оқу жылына дайындықты бастап кеттік.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02