Отандық IT қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты
Былтыр отандық IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты. Сондай-ақ 1 миллионға жуық адам жасанды интеллект технологияларын меңгерді. Атап айтсақ, оқушылар мен студенттер, мемлекеттік қызметшілер IT бағдарламаларды үйрететін сабақтардан өтті. Мұның бәрі елді цифрлық хабқа айналдыру үшін жасалып отыр. Бұл жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімін 2-3%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 22 трлн доллардан асады. Бұл ретте мемлекеттік қызмет түрлерін автоматтандыруға басымдық берілмек.
Назгүл Бажаева, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің департамент директоры:
Мысал ретінде халыққа қызмет көрсету саласын айтуға болады. Электронды үкіметке AI агент енгізілген. Бүгінгі күні 2,3 млн-ға жуық сұранысы бар жүйе азаматтардың кез келген сұрағына жауап бере алады. 02 57 Еліміз ЖИ-ға дайындық индексі бойынша 58 орында. Бұл-көшбасшы мемлекеттердің қатарында деген сөз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28