Қостанай облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы артып келеді
Былтыр Қостанай облысы мен Ресей арасындағы сыртқы тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. Әсіресе металл өңдеу саласы қарқын алып келеді. Осыдан он жыл бұрын инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған металлургиялық зауыт – бүгінде ірі кәсіпорынға айналды. Қос елге тиесілі компания жылына 450 мың тонна темір арматура шығарады. Соның 75 пайызы ішкі нарыққа өткізілсе, қалғаны экспортқа жіберіледі. Жалпы Тобыл өңірінің Ресеймен тауар айналымының басым бөлігі металл және минералды шикізаттарға тиесілі. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне де көрші елден сұраныс жоғары. Әсіресе ет, сүт, макарон өнімдерінің экспорты біршама артқан.
Найл Новотеев, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім
басшысы:
Жалпы соманың негізгі үлесі импорттық тауарға тиесілі. Былтыр көрсеткіш 850 млн АҚШ долларына жетті. Ал Қазақстаннан Ресейге құны 455 млн доллар болатын тауар экспортталды. Оның ішінде әсіресе кен және темір кенінің концентраттары, ауыр техникалар мен жүк көліктерінің үлесі басым.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12