Абай облысы Ресеймен сауда-саттықты нығайтуда
Абай облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында екі ел арасындағы тауар айналымы 334 миллион доллардан асқан. Оның ішінде экспорт көлемі 47,5 миллион, ал импорт 287 миллион долларға жеткен. Әсіресе әріптестік өнеркәсіп саласында дамыған. Мәселен Семейдегі «Техноавиа-Қазақстан» бірлескен фабрикасы 2023 жылдан бері арнайы және медициналық киімдер тігеді. Қазір мұнда 150-ден астам адам жұмыс істейді. Фабрика жылына 150 мыңнан астам бұйым шығарады. Соңғы жылдары өндіріс заманауи құралдармен жаңартылып, еңбек өнімділігі артқан.
Бағжамал Сәрсекина, тігінші:
Осы жеңіл өнеркәсіп саласында 15 жылдан астам еңбек етіп келемін. 2023 жылдан
бастап осы фабрикада жұмыс істеймін. Еңбекақымыз уақытылы беріледі, барлық
жағдай жасалған.
Айнұр Ахметова, тігін фабрикасы
филиалының директоры:
Осы үш жыл ішінде біздің құрылтайшыларымыз ең заманауи жабдықтарды сатып алды. Өнімдердің сапасын жақсартуға және өндірісті арттыруға мүмкіндік беретін автоматты кешен орнатылды. Біздің фабрика Ресей Федерациясына тапсырыстар орындайды. Жыл сайын 150–170 мың арнайы киім тігеміз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28