Ақмола облысында сурет байқауы өтті
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында балалар арасында өткен сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шараны облыстық экология департаменті Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ұйымдастырды. Сөйтіп, балалардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, назарларын табиғатты қорғау мәселелеріне аударуды көздеген. Байқауға өңірдегі бұрынғы балалар үйі болған бүгінгі әлеуметтік кешендердің 30-дан астам тәрбиеленушісі қатысты. Жеңімпаздар грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Томирис Баймолдина, байқауға қатысушы:
Мен табиғаттың суретін салғанды ұнатамын. Себебі, бұл маған тыныштық сыйлайды. Көкшетаудың айналасында көрікті жерлер өте көп. Сондықтан біз табиғатты аялап, оны ластамай, қорғауымыз керек деп санаймын. Суретімде де осы ойымды жеткізуге тырыстым.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05