Көкшетауда Ресеймен бірге ауыл шаруашылығы техникасын шығаруда
Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорын Ресей Федерациясымен кооперация аясында отандық өндірістің ауқымын кеңейтті. Шаһардағы «Kazrost Engineering Ltd.» зауыты биыл құны 30 миллиардтық 350 комбайн шығаруды жоспарлап отыр. Бір жарым жылдан бері өндіріс ошағы комбайндардың кабинасын өздері дайындап келеді. Әр комбайнға шамамен 2 тонна металл өңделіп, кабина мен басқа да түйіндер дайындалады. Кәсіпорында бүгінде 300-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Күніне шамамен 3 кабинаға қажетті металл кесіліп, құрастырылады. Комбайн өндірісіндегі отандық үлес бүгінде шамамен 20 пайыздан артты. Зауытта бүгінде комбайнның 3 түрі шығарылады.
Андрей Антропов, зауыттың атқарушы
директоры:
Осыдан бір жыл бұрын біз Еуразиялық экономикалық одақтастық шеңберінде үлкен кооперациялық жобаны жүзеге асыруды бастадық. Оған үш ел қатысады: Ресей Федерациясы, Белурась елі және біз. Жоба аясында комбайндардың кабинасын құрастырып жатырмыз. Яғни, кабинаның толық метал қаңқасын біз дайындаймыз. Электр бөлшектері мен әйнегін екі ел жеткізеді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03