Жамбыл облысындағы «Еурохим – Қаратау» жобасы келесі жылы аяқталады
Қазақстанда химиялық өнеркәсіпті дамыту мақсатында 1 млрд доллар инвестиция салған ресейлік «Еурохим» компаниясы өз жобасының екінші кезеңін аяқтауға жақын. Жалпы, үш кезеңнен тұратын Сарысудағы «Еурохим-Қаратау» жобасы осыдан 10 жыл бұрын басталды. Алғашқыда тау-кен өндірісіне арналған кешен салынып, фосфорит ұнын өндіру жолға қойылды. Бүгінде жобаның екінші кезеңі – күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. Кәсіпорын енді жылына 800 мың тонна өнім өндіреді. 170 млн долларға салынған кешен құрылысы биыл қарашада толық аяқталады. Ал үшінші кезеңде минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт бой көтермек. Жалпы, «ЕуроХим» - әлеуметтік жауапкершілігі бар компания. Бұған дейін сарысулықтардың игілігі үшін 29 млн доллар қаржы бөлген.
Игорь Ахмеров, «Еурохим» ЖШС бас директоры:
Қазір күкірт қышқылы зауытында 330 адам жұмыс істеп жатыр. Олар күніне 2 500 тоннаға жуық өнім өндіреді. Келесі жылдың І тоқсанында үшінші кезеңді аяқтаймыз. Жобаны толық қуатына жеткізіп, жылына 1 млн тонна өнім өндіреміз. Ал жұмысшы саны 1200-ге жетеді. Химиялық өнімдеріміз 20 елге экспортталады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27