БҚО-да «Өрт – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
Батыс Қазақстан облысында «Өрт – 2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шара барысында арнайы бөлімдердің дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығуда апаттық-құтқару және өрт сөндіру бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылы пысықталды. Құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полиция мен медицина қызметкерлері шартты оқиға барысында күш біріктіріп, төтенше жағдайға қаншалықты дайын екендерін көрсетті. Азаматтық қорғаныс құрылымдары мен коммуналдық қызмет өкілдері білген-түйгендерін ортаға салды. Жаттығуға өңір бойынша 230 арнайы техника мен 700-ден астам жеке құрам қатысты.
Арман Ибрашев, облыстық ТЖД басқарма бастығының м.а.:
Облыста мұнай-газ кен орындары көп. Су мен газды қосып шашатын, оттегіні ығыстырып сөндіретін автомобиліміз бар. Олар Қазақстан бойынша санаулы ғана. Сол біздің өңірге республикалық бюджет есебінен келіп тұр биыл.
Былтыр өңірде 22 табиғи өрт болған. Сондай-ақ 122 дала өрті тіркеліп, 6 мың
гектардан астам жер отқа оранған. Тілсіз жаудың алдын алу мен жою, халықтың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұндай жаттығулар маңызды тәжірибелік алаң болып
саналады.
Қалияр Айтмұхамбетов, облыс
әкімінің орынбасары:
Төтенше жағдай болған жағдайда дайындық – басты мақсат. Әр өрт – экономикалық жағынан шығын елімізге. Қауіпсіздік мәселесі бар. Қоршаған ортаға әсері бар. Сол себептен осы жұмыстар мәселелердің алдың алуға септігін тигізеді деген ойдамыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28