Мемлекет басшысы Кубаның Вице-президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиынға қатысқаны үшін мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, еліміз Кубаның Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстанның Куба тарапымен электрондық үкіметті дамыту тәжірибесін бөлісуге, озық цифрлық шешімдерін экспорттауға әзір екенін растады. Кездесуде медицина және фармацевтика бағытында тиімді ынтымақтастықты жандандыру әлеуетіне баса назар аударылды. Бұдан бөлек, іскерлік және мәдени-гуманитарлық қатынастарды тереңдету мүмкіндіктері мен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27