Тұрғын үй кезегінде тұрған 8 мыңнан аса отбасы баспаналы болды
Тұрғын үй кезегінде тұрған 8 мыңнан аса отбасы баспаналы болды. Былтырғы жылдың қыркүйегінен бері жергілікті атқарушы органдар Отбасы банкке 12 760 жалдамалы пәтер тапсырған. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банк ұлттық даму институты ретінде 8 031 кезекте тұрған азаматтың қоныс тойын тойлауына көмектесті. Олардың көпшілігі пәтер кезегін 20 жылдан астам күткен. Енді олар болашақта жекешелендіруге болатын жалдамалы баспанада тұрып жатыр. Үй алғандардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтар. Қазір өңірлерде тағы 4 729 пәтерді бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 982 705 қазақстандық тұр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28