Эбола вирусын жұқтырудың жаңа деректері анықталды
Угандада эбола вирусын жұқтырғандар саны 9-ға жетті. Жаңа деректер ел астанасы Кампалада тіркелген. Осыған байланысты елде тексеріс күшейтілді. Науқастармен байланыста болған адамдар жіті бақылауға алынған. Уганда эболаны өршітпеу үшін көршілес Конгомен арадағы шекараны жапқан еді. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұндай шараның қауіпті індетті тоқтатуға ықпалы аз деп мәлімдеді. Ал Конго Демократиялық респбуликасында эболаға шалдықты деген күдікке ілінген адам саны мыңнан асқан. Вирусты 121 адам жұқтырғаны расталды. 238 тұрғын қаза тапқан. Эбола негізінен Конгоның шығыс провинцияларында тарап отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17