Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшылар бразилиялық джиу-джитсудан әлемдегі ең беделді турнирлердің бірі – Worlds 2026 чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті. АҚШ-тың Калифорния штатында өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандық атлеттер екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Қоңыр белбеу иелері арасында 70 келіге дейінгі салмақта Алинұр Қуатұлы әлем чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдері тарихындағы дәл осы санаттағы алғашқы алтын медаль. Сондай-ақ 76 келіге дейін салмақта Сейілхан Болатбек топ жарып, қоржынға тағы бір алтын салды. Ал Батыр Теңізбай 64 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Осылайша қазақстандық спортшылар отандық джиу-джитсу тарихындағы ең ірі жетістіктердің біріне қол жеткізді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27