Басты Жаңалықтар Көлік арзандауына не себеп?

Көлік арзандауына не себеп?

Елімізде көлік арзандап жатыр. Неге десек:

  1. Отандық өндірістің артуы. Алматы мен Қостанайда жаңа мультибренд зауыттардың ашылуы көлік санын көбейтіп, құрастырылған көліктің өзіндік құнын төмендетті.
  2. Автоконцерндердің өздерінің жеңілдіктері. Бәсекенің артуы, әсіресе қытайлық автоөндірушілерді ауқымды акциялар мен арнайы жеңілдіктер қарастыруға мәжбүрлеп жатыр.
  3. Мінілген көліктер нарығының «құлауы». Жаңа және қолжетімді көліктердің көбеюі ескі көліктердің арзандауына апаратыны сөзсіз.

Дегенмен мінілген көлік үлесі бәрібір басым. Кім жаңа көлік тізгіндегісі келмейді дейсіз, ал оны алу үшін кіріс/табыс қанша болуы керек? Көбіне несиеге рәсімделеді, әрине... «Жаңа» дегенде көпшілік ұмтылатын арзан және орта сегменттегі көлікті айтып тұрмыз...

Соңғы 2-3 айда осындай жарнамаларкөбейіп кетті. Басында қытайлық маркалар ғана арзандағандай еді, қазір кореялық крассоверлер де.

Ресми диллерлердің өзі бағаны 4 млн-ға төмендеткен. Ал нарықтағы «сұр диллер» саналатын кішігірім салондарда көліктер одан да арзанырақ.

Арман Ашмұханов, автосарапшы:

Көліктер күзден бастап арзандап жатыр. Ол кезде олар науқан, шектеулі санаулы көліктер ғана сатылады. Одан кейін қымбаттайды деп халыққа солай жеткізді. Негізі ол науқан деген бағалар қазіргі кезде қалыпты баға болып қалды.

Бірнеше жыл қатарынан тек көтеріліп келе жатқан бағаның биыл неге бұлай түскеніне бірнеше себеп бар, - дейді сарапшылар.

Санат Нұрбай, автосарапшы:

2025 жылы халықтың 60-70 пайызы көлікті несиеге алған. Қазір сұраныс азайды. Екіншіден, қаржылық сауаты ашылды. Алып алған адамдар түсінді. 10 млнға алған көлікті 20 млн қылып қайтаратынын түсінді.

Арман Ашмұханов, автосарапшы:

Көліктерді зауыттан ол Корея болсын, Қытай болсын ортада делдал бар. Дистрибютер деген. Ол көтерме бағамен алып келеді де, автосалондарға қойып сатады, арасындағы үстемақысын өзі көретін. Ол зауытпен мысалы айына 1 мың көлік сатам деп келіседі. Ол көлікті өткізе алмаса оған айыппұл салынады. Оған ол бағамен бермей қояды. Сол үшін олар соңғы тұтынушыға жеткізу үшін маржасын азайтуға мәжбүр болып отыр.

Яғни, арзанға сатылып жатқандардың көбі былтыр әкелінген.Ал,  Қазақстанның автокөлік одағының өкілдері биыл отандық зауыттар да өнімді арттыра түсті,-дейді.

Анар Макашева, Қазақстанның автокөлік одағының президенті:

Сәуір айының өзінде 20 мыңнан астам жаңа көлік құрастырылды. Бұл былтырғы сәуірдегі көрсеткіштен 8 пайызға көп. Ал егер жылдың 4 айын алсақ, 63 мың техника өндірілген. Оның құрамында жеңіл көліктерден бөлек автобустар, арнайы техникалар бал. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға жоғары.

Тағы бір қызығы, соңғы айда қолданыстағы жапон көліктерінің де бағасы төмендеген. Мысалы, бұрын жапон көлігінің құнымызғымайтын. Оны көбі «актив» көретін.

Санат Нұрбай, автосарапшы:

Ұрмай-соқпай айдасаң өз бағасына, тіпті, пайда көру мақсатында көлікті сатып алатынбыз. Мен де сондайдың біреуі едім мысалы. Қазір енді тіпті алыпсатарлардың өзі мойындап отыр. Camry-дің өзі құнын 2-3 млн-дап түсіп кетті.

Жапон көлігі мен кореялық маркалардың бағасын ұстап тұратын сапасына деген сенім еді. Ал қазіргі қытайлық маркаларға сенбейтіндер көп. Деседе, көшеде мұндай көліктер көбейіп келеді.

Арман Ашмұханов, автосарапшы:

Соңғы 10 жыл болсын сапа деген ешқандай көлікте жоқ. Бұрын инженер жасаған көлікті, қазір маркетолог жасайды. Ішіне планшет қояды, әдемілеп. Қазіргі көліктер 100 мыңға жасалынған. 100 мың шақырым жүргеннен кейін ол сына бастайды. Сондықтан қазір трейдин деген бағдарлама шықты ғой автосалондарда.

Санат Нұрбай, автосарапшы:

Қытай осыған дейін өзінің мақсаты болды ғой әлемді жаулаймын деген ниетпен санға жұмыс істеді. Енді олар анализ жасады. Мысалы, жаңа сіз айтқан Чанган біреуінің маторы, біреуінің вариаторы әлсіз болса, олқылықтарын жамап жатыр қазір. Енді олар ақырындап сапаға жұмыс жасайды.

 Сарапшылардың айтуынша, Қытай маркалары көлікке деген көзқарасты да өзгерткен. Енді азаматтар оны актив санамайды. Өйткені, бағасы салоннан шыға сала түседі. Сондықтан біз көпшіліктен сапасына күмәніңіз болса да жаңа көлік аласыз ба әлде «ескі болса да ұзаққа шыдайды»деп қолданыстағы көлікті аласыз ба деп сұрадық.

Статистикаға қарасақ, Қазақстанда әлі ескі көлік көп. Мысалы, елде 5,6 млн көлік тіркелсе, соның 40 пайызына, яғни 2,2 млн-на кемі 20 жыл болған.1,5 млн көлікке 10 жылдан асқан. Ал Қазақстанның автокөлік одағының дерегінше, автопарк соңғы жылдарыжаңарып келеді. Бүгінде 1,7 млн көліктің зауыттан шыққанына жеті жыл толмаған. Ал соңғы 2 жылда жыл сайын 200 мыңнан астам жаңа көлік сатылған.

Анар Макашева, Қазақстанның автокөлік одағының президенті:

Қазір Қазақстанда жеңіл көліктер шығаратын 4 зауыт жұмыс істеп тұр. Ал 2025 жылы автокомпоненттер жасайтын кәсіпорын іске қосылды. Олар орындықтар мен мультимедиа шығарып жатыр. 2026 жылы тағы 3 зауыт ашылады. Олар дыбыс бәсеңдеткіш, жылыту жүйелерін шығарады. Қазір шина шығаратын зауыт бар Саран қаласында. Бізде аккумуляторларөндіріліп жатыр. Отандық аккумуляторлар Алматыдағы Хюндай, Киа, Хавал, Чанган, Черрилерге қойылып жатыр. 

Демек жаңа көліктер саны жыл сайын арта береді. Ал, оның бағасына қатысты мамандар болжамы мынадай.

Арман Ашмұханов, автосарапшы:

Бағаның өсуіне бірінші себеп доллар бағамы. Теңге қазір тұрақты болып тұр. Теңге 40 пайызға өссе, мүмкін баға да өсер, оған дейін менің ойымша әсері болмайды. Өйткені, бәсекелестік өсуде.

Анар Макашева, Қазақстанның автокөлік одағының президенті:

Пандемиядан кейін зауыттарда көлікке қажеттіқұрылғыларға дефицит болды. Сол кезде баға қатты көтеріліп кеткен. Қазір ол уақыт өтті. Енді жаңа көліктер жеткілікті. Сондықтан баға әлі түсуі мүмкін. Тіпті, түспеген күннің өзін де осыдан көтерілмейді деп ойлаймын.

Оған қоса бұрын Кореядан әкелінген қосалқы бөлшектер қазір Қытайдан жеткізіліп жатыр. Бұл да керек-жарақтың өзіндік құнын, логистика шығынын едәуір азайтқан.

Бөлісу