Оқушылар Ақорданы аралады
Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 100 оқушы Президент резиденциясында қонақта болды. Олар пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары. Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді. Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады. Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Әмірлан Қайрат, оқушы:
Ассалаумағалейкум, Қазақ елі. Менің аты-жөнім - Қайрат Әмірлан. Мен Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласынан келіп тұрмын. Мен осы Ақордаға келгенде өзімді Президент болып сезіндім және де маған Ақордаға келесің деген кезде Семей қаласына бардым. Базарына осы костюмді сатып алдым. Өйткені Ақорданың іші қандай әдемі болса, мен әдемі болуым керек дедім.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28